www.NazarNews.kg NazarNews - дүйнө назарында! www.NazarNews.kg NazarNews - в центре мирового внимания! www.NazarNews.kg NazarNews - ترى العالم في عينيك www.NazarNews.kg NazarNews - 你眼中的世界! www.NazarNews.kg NazarNews - dünya gözünüzde! www.NazarNews.kg NazarNews - The world in your eyes! www.NazarNews.kg Биздин байланыш: +996 779 028 383 www.NazarNews.kg Email: [email protected] www.NazarNews.kg WhatsApp кабар: +996 779 028 383 www.NazarNews.kg
Ызы -чуу менен элге таанылган блогер Айжан Байзакова алгачкы жолу өзүнүн башынан өткөргөн армандуу сүйүүсүн жана кантип жаман адаттарга берилип кеткендигин баяндап берди.
Айжандын сөзү боюнча ал ашык болгон адамы менен 2013 -жылы Алматынын Байзакова көчөсүндө таанышкан жана окуя кандай өрчүгөнүн төмөндө окуй аласыздар.
Бизге келген маалыматтын маани- маңызын өзгөртпөш үчүн сиздерге маалыматты түзмө- түз эч өзгөртүүсүз беребиз.
"Мен тауға шыққаннан кейін құлаққап тағып алып, көшеде жаяу жүргенді ұнататынмын. Қарапайым танысу, нөмірлермен алмастық. Вконтакте-де хат алысып жүріп, арамызда махаббат пайда болды.
Айтпақшы, мен ол кезде мүлде боянбайтынмын. Тіпті темекі, ішімдік дегенді аузыма алып көрмегем, түнгі клуб туралы да білмеуші ем. Ол мені кешкі сағат 10-да үйіме шығарып салатын. Бәрі ойдағыдай, әдемі, романтикалық сарынмен өтіп жатты....
Сол үшін мен бәліш пісіруді, шұлық тоқуды үйрендім....
Таныстығымыздың алғашқы күнінен бастап екі жыл бойы мен оны қалай жақсы көретінім туралы видео түсірдім және тойымызда оған сыйлық бергім келген.... Қатты ғашық болдым. Ешқашан дауыс көтеріп сөйлемедім, ерегеспедім де. Менің оған ренжуіме темекі шегетін әдеті ғана себеп болды. Оның көзіме шөп салатынын біле тұра, жоғалтып алудан қорыққандықтан бәріне көз жұма қарадым.
Бір рет те клубта болып көрмегендіктен, ол Чукоткадан келгенде маған ол жақта өңшең жезөкшелердің темекі шегіп, ішімдікке сылқия тойып жүретінін айтатын. "Ал сен менің ең таза періштемсің" дейтін.
2014 жылдың 26 желтоқсанында ол маған ұысыныс жасады. Тау, майшам, гүл, әдемі сөздер, мен армандаған сақина және мәңгілік сүюге серт... Біз Талдықорғанға кетіп, ата-анасымен таныстық, әрі қарай тойға дайындықты бастап кеттік", - деген блогер бір жыл бірге тұрғаннан кейін ғашығын одан бетер жақсы көріп кеткенін, өзін мүлде ұмытқанын және оның бөлшегі ретінде өмір сүргенін айтады.
"Мен онымен мәңгі өмір сүргім келді. Бірақ кейін сұмдық оқиға орын алды. Сол кезде менің қалай қиналғанымды көру оған да оңайға соқпағанын түснемін.
Не болғанын айтпаймын. Бұл - мен үшін үлкен қайғы еді. Менің ол адамға деген пәк сезімім бір-ақ сәтте күл-талқан болды...
Грузияға кетіп қалып, алғаш рет темекі шегіп көрдім, іше бастадым және өмірімде бірінше рет түнгі клубқа бардым...
Өзімнің еркіндіктің адамы екенімді түсіндім, солай жеңіл болды. Мен барлық жағынан да жалғыз едім.
Ол адамға ренжімеймін, онымен көптеген жақсы сәттерді бастан өткердім. Ол менің тым балаша ғашық болғанымды есіме салды. Бірақ, бәрінің уақытында аяқталғаны үшін Құдайға ризамын.
Менің еркектерге деген көзқарасым 200%-ға өзгеріп кетті. Мен отбасылық адам емеспін.
Қазір өзіммен-өзім жүрмін. Ешкім маған қалай демалу керектігін айтып, бұйрық бере алмайды.
Сол кезде өзіме мойындауға қорыққанмын: болмаған жағдайдың бәрі жақсылыққа алып келеді.
Жігіттерге, жақсы қыздарды ренжітпеңдер: әйтпесе Байзақоваға айналып кетеді",- деп сөзін жалғаған бойжеткен өзін тіпті өлімге де қиғысы келгенін жасырмады.
Оны табуға талпынбай-ақ қойсаңдар болады. Интернетте екеуміздің бірге түскен суретіміз де, видеомыз да жоқ. Мен бірінші рет ол туралы жазып отырмын.
Өз-өзіме келу мен үшін өте ауыр болды. Бұдан да сорақысы болуы мүмкін еді. Өйткені мен барлығын жоғалтып алғандықтан өлімнен қорыққан жоқпын.
Дәл сол кезде осылай ойлағанмын. Қиналғанымды көрсетпес үшін ата-анамнан бөлек кеттім.
Иә, мен шегетінмін, және тек қана темекі емес. Ешкім маған көмектесе алмады. Осы уақытқа дейін махаббатыммен неліктен ажырасқанымды ешкім білмейді. Жоқ, ол маған опасыздық жасаған жоқ. Мен оны кешіретінімді жазған болатынмын.
Жалғыз қалып, өзімді біртіндеп өлтіре бастадым. Өз шашымды өзім қиып тастап, денеме сурет сала бастадым.
Бірақ кейін "стоп" дедім. "Байзақова, мен тек өзіңді ғана емес, жақындарыңды да өлтіріп жатсың. Оян. Өмір сүр. Ол өтті-кетті. Еркектер сенің көз жасыңа тұрмайды. Енді сен оларға қатыгездік танытуың керек"
Қыздар, депрессиядан құтқаратын нәрсе - саяхат. Еркектерді ұмытып, билет сатып алыңыз да, ең құрығанда Ташкентке кетіп қалыңыз", - деп сөзүн аяктаган белгилүү блогер.
Булак: NazarNews.kg