www.NazarNews.kg NazarNews - дүйнө назарында! www.NazarNews.kg NazarNews - в центре мирового внимания! www.NazarNews.kg NazarNews - ترى العالم في عينيك www.NazarNews.kg NazarNews - 你眼中的世界! www.NazarNews.kg NazarNews - dünya gözünüzde! www.NazarNews.kg NazarNews - The world in your eyes! www.NazarNews.kg Биздин байланыш: +996 779 028 383 www.NazarNews.kg Email: [email protected] www.NazarNews.kg WhatsApp кабар: +996 779 028 383 www.NazarNews.kg
Алмазбек Атамбаевдин оюна келгенин айта берген популистиги бар. Анын Euronews-те айткан сөзү кыргыз коомчулугуна жакты. Ал дагы өз калкына жага турган сөздү айтат. Эртең эле кечээги айткан сөзүнө каршы чыгышы мүмкүн, менин оюмча ага көңүл буруунун кажети жок. Андан көрө жалпы азыркы казак-кыргыз карым-катнашына көңүл бөлүшүбүз керек. Карапайым кыргыз элинин казакка деген көз карашы жакшы эмес, -деген пикирин Айдос Сарым жазып чыкты. Бул тууралуу анын пикирин тактап айтканда эки макаланы өзгөртүүсүз берүүнү туура көрдүк. Ачуу чындык.
Алмаз Атамбаевдин ойына келгенін айта беретін популистің бірі. Егер де тиімді болса, дұрыс әңгімені де, бұрыс әңгімені де қозғайды. Оның Euronews-те айтқан сөзі қырғыз қоғамына ұнап отыр. Ол да ең алдымен өз халқына жағатын сөзді айтады. Жалпы популистің басқа саясаткерден айырмашылығы, бүгін не тиімді соны айтады.
Ертең кешегі айтқан сөзіне қайшы пікірде болуы мүмкін. Менің ойымша, оған аса назар аудармаған абзал. Жалпы қазіргі таңда қазақ-қырғыз қарым-қатынасына көңіл бөлейік. Осыған дейін екі ел арасында талай келіспеушлік орын алды. Сол кезде басу айтатын, ортақ келісімге шақыратын адам қалмаған сияқты. Бұрын айыр қалпақты ағайындар «шоң бауырымыз» деп құрметтеп отырушы еді. Қазір оның бірі жоқ. Бұл жалпы бүгінгі конфигурация үшін емес, жалпы болашақтағы қарым-қатынасымызға кері әсерін тигізеді. Қарапайым қырғыз азаматтарының қазаққа деген көзқарасы жақсы болмай тұр. Кезінде Мұхтар Шаханов ағамыз елші болды. Сол уақытта ол тікелей президентке шығып, «Мынадай шара өткізсек қалай болады?» — деп ұсыныс жасай алатын. Бұл сөзімді көп адам құптайды деген ойдамын. Бүгінде сондай беделді елші жоқтың қасы. Шыңғыс Айтматовтың кезінде екі ел арасындағы зиялылардың байланысы дұрыс болды. Қандай жағдай болмасын басу айтып, ортақ шешімге келетін. Жаңағыдай әңгіме шыққанда сол зиялы қауым өкілдері президентке тікелей шығып, «Сіз не айтып отырсыз? Екі елдің туыстығына, қарым-қатынасына сызат түсіретін сөзді айтуға қалай дәтің жетті» — деген сыңайда әңгіме айтар еді. Айыр қалпақты ағайындарда болған екі төңкеріс елдің саяси элитасы менсаяси риторикасын тым жұқартып, жұпыны етіп жіберді. Біз бүгіннен бастап екі елдің қарым-қатынасын, болашағын ойлайтын саяси элита қалыптастыруымыз керек. Мен қырғыз елін жақсы білетін азаматтардың бірімін. Онда ешбір саяси партияның Ресейге қарсы шығу керек деген ойы жоқ. Ал біздің елді сынауға көбісі дайын отырады. Бүгінде тіпті сол елге ықпал ете алатындай басылым ашуымыз керек шығар. Қырғызстан қазақтың қай газетін оқып жатыр? Қай басылымымызға арқа сүйеп «Бұл жерде мынадай мәселе көтеріліпті» — деп айтты? Мен естімеппін. Ресейдің, АҚШ-тың Қырғызстанға өтімді баспасөз құралы бар. Біздікі қандай? Осындай кешенді мәселені де шешу керек.
Атамбаев қазақтың жақсылығын ұмытты ма?
Қырғызстан президенті Алмасбек Атамбаев Euronews телеарнасына сұхбат беріпті. Онда тұрған не бар?–деген сауал туындауы мүмкін. Бұл елде күзде президент сайлауы өтуі тиіс. Сондықтан түрлі мінберден жасалып жатқан мәлімдеме көп.
Мәселе бізге бауырлас халықтың басшысы не айтқанында. А. Атамбаев «2010 жылы Қазақстан бізге 1,5 ай бойы блокада жасаған кезде тіпті, адам шығыны да болды» депті. Ақиқатқа жүгінсек, сол жылғы сәуірде қырғыз елінде саяси төңкеріс болып, оқ атылғаны белгілі. Ондаған адам мерт болды. Жұрт жан-жаққа жөңкіле бастады. Қауіпсіздік пен заңсыз көші-қонға алаңдаған Қазақстан мен Өзбекстан қырғыз жерімен шектесетін ортақ шекарасын жапты. Шекараны жабу мен блокада жасаудың екі түрлі нәрсе екені әркімге де түсінікті болса керек. Атамбаев осы сұхбатында Өзбекстан туралы ләм демейді. Сол 2010 жылғы оқиғадан соң Қазақстан қырғыз еліне қайырымдылық көмек ретінде 30 млн доллар берді. Мұның 7 миллионы – құрылыс материалдары, ал 3 миллионы әскери салаға жәрдем болып табылады. Одан кейінгі жылдары да көмек үзілген емес. Ол бұл туралы да жақ ашпайды.
2014 жылы еліміз Қырғызстанға 100 млн доллар көлемінде грант бөлді. Сол кезде А. Атамбаев «Сөз жоқ, Қазақстанның да артық ақшасы жоқ. Дегенмен, Қазақстан Қырғызстанды қолдау мақсатымен 100 млн доллар бөліп жатыр. Бауырлас халық болған соң осылай жасайды емес пе?!» — деп еді. Шынымен де ұмытқаны ма?..
Булак: jasqazaq.kz